Ислам Махачевтің бапкері Шавкат Рахмоновтың мүмкін болатын титулдық жекпе-жегін бағалады


Америкалық ММА жаттықтырушысы Хавьер Мендес өзінің шәкірті, ресейлік UFC спортшысы Ислам Махачевтің жартылай орта салмақта чемпиондық титулға таласу мүмкіндігі туралы пікір білдірді.
— Ислам келесі жекпе-жегін жартылай орта салмақтағы титул үшін өткізуі мүмкін бе?
“Барлығы жағдайға байланысты. Егер Шавкат Рахмонов Белал Мұхаммадты жеңсе, бұл үлкен мүмкіндік болады. Мен Шавкатқа жанкүйер болмасам да, оның керемет жауынгер екенін мойындаймын. Немесе Белал жеңіске жетіп, орта салмаққа көтерілсе, Ислам да жартылай орта салмаққа ауысуы мүмкін. Бұл біздің команда үшін өте қолайлы нұсқа болар еді. Жалпы, Исламның UFC-дің үш дүркін чемпионы атануға қабілетті екеніне сенемін”, — деді Мендес Submission Radio басылымына берген сұқбатында.
Айта кетейік, қазақстандық Шавкат Рахмонов пен америкалық Белал Мұхаммад арасындағы UFC-дің жартылай орта салмақтағы титулдық жекпе-жегі әзірге ресми түрде жарияланған жоқ.
Махачевтің менеджері Рахмоновпен жекпе-жек мүмкіндігін меңзеді

Басқа спорт түрлері
Бүгін 07:45


Басқа спорт түрлері
Бүгін 05:30