Ислам Махачев әлемдегі ең үздік футболшылардың есімдерін атады
ММА
28 нау 2025 06:34

Наурызбай Қанатұлы

Фото: gettyimages
UFC жеңіл салмақтағы чемпионы Ислам Махачев қазіргі уақытта әлемдегі ең үздік футболшылар деп кімдерді атайтынын айтты.
«Криштиану Роналду, Лионель Месси және Златан Ибрагимович. Олардың арасында кейбір деңгейлер бар, бірақ мен ешкімді ренжітпеймін»,- деді Махачев «Динамо» Махачкала клубының баспасөз қызметіне.
Махачев соңғы рет октагонға осы жылдың қаңтарында UFC 311 турнирінде Ренато Мойканоға қарсы шықты. Бірінші раундта тоқтатылған бұл жекпе-жекті Ислам тұншықтыру әдісімен жеңіп, чемпиондық белбеуді қорғады. Оның активінде 27 жеңіс және бір жеңіліс бар.
Илия Топурия Криштиану Роналдуға деген көзқарасын ашық білдірді.
Танымал жаңалықтар


Теннис
Бүгін 15:48

Футбол
Бүгін 14:58
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек