locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Қонақ
Қонақ Пікірлерді қалдыру үшін\n кіріңіз немесе тіркеліңіз
Мәзір

Ислам Махачев — Арман Царукян. Онлайн көру. LIVE көрсетілім

Ислам Махачев — Арман Царукян. Онлайн көру. LIVE көрсетілім
ФОТО: Getty images

19 қаңтарда Лос-Анджелесте (АҚШ, Калифорния штаты) өтетін UFC 311 турнирінде жеңіл салмақтағы UFC чемпиондық белбеуі үшін жекпе-жек өтеді. Шаршы алаңда қазіргі чемпион Ислам Махачев (26-1) пен үміткер Арман Царукян (22-3) кездеседі.

Бұл олардың екінші кездесуі. Алғашқы жекпе-жек 2019 жылы өтіп, Махачевтің төрешілердің бірауызды шешімімен жеңісімен аяқталған. Сол уақыттан бері екі спортшы да өз шеберліктерін айтарлықтай арттырды. Өткен жылдың маусымында Махачев бесінші раундта америкалық Дастин Порьені (30-9) сабмишнмен жеңсе, Арман Царукян 2024 жылдың сәуірінде бразилиялық Шарлес Оливейраны (35-10) төрешілердің бөлінген шешімімен жеңді.

Жекпе-жек шамамен Қазақстан уақытымен таңғы 10:00-де басталады. Тікелей эфирді UFC ресми сайтынан, сондай-ақ Setanta Sports телеарнасы, сайты және қосымшасынан көруге болады.

Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie