locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Мәзір

Илия Топурия жеңіл салмаққа ауысу үшін титулдан бас тартуға дайын

Илия Топурия жеңіл салмаққа ауысу үшін титулдан бас тартуға дайын
ФОТО: Getty images

UFC-дің жартылай жеңіл салмақтағы чемпионы Топурияның бас бапкері Хорхе Климент шәкіртінің титулдан бас тартып, жеңіл салмаққа ауысуды жоспарлап отырғанын растады.

Бұған дейін Испания мен Грузия атынан шығатын Илия жаңа салмақ дәрежесіндегі дебютін мамыр айында Чарльз Оливейраға қарсы өткізуі мүмкін екенін хабарлаған.

“Илия бұдан былай салмақ қуудан бас тартқысы келеді және оның оңтайлы категориясы 70 кг деп есептейді. Біз бұл шешімді оның өзін жайлы сезінуі үшін қабылдадық. Егер жеңіл дивизионға ауысу жүзеге асса, жартылай жеңіл салмақтағы титул, мүмкін, вакантты болады”, – деді Климент Bloody Elbow порталына берген сұхбатында.

Еске сала кетейік, қазан айында 27 жастағы Топурия чемпиондық титулды сәтті қорғап, Макс Холлоуэйді нокаутқа жіберген болатын. Қазіргі таңда оның кәсіби ММА-дағы рекорды – 16 жеңіс және бірде-бір жеңіліс жоқ.

Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie