Илия Топурия Махачевпен кез-келген салмақ дәрежесінде жекпе-жек өткізуге дайын


Жеңіл салмақтағы UFC чемпионы Илия Топурия кез-келген салмақ дәрежесінде Ислам Махачевпен жекпе-жек өткізуге дайын екенін жеткізді, деп хабарлайды ТАСС Испания атынан сынға түсетін грузин спортшысының командасына сілтеме жасап
"Бұл супербой. Сондықтан біз кез-келген салмақ дәрежесіне дайынбыз", - деп келтіреді Топурия командасының сөздерін ТАСС.
28 жастағы Топурия 16 жеңіске жетті және бірде-бір жеңіліске ұшыраған жоқ. 2024 жылдың қазан айында UFC 308 турниріндегі соңғы жекпе-жегінде грузин үшінші раундта американдық жауынгер Макс Холлоуэйді нокаутқа жіберіп, жеңіл салмақтағы чемпиондық белбеуін қорғады.
33 жастағы Махачевтің есебінде 1 жеңіліс пен 27 жеңіс бар. 18 қаңтарда ресейлік жеңіл салмақтағы UFC чемпионы бразилиялық Ренато Мойканоны UFC 311 турнирінің бірінші раундында қылғындыру әдісімен жеңіп, атағын төртінші рет қорғап қалды.
Мераб ДВАЛИШВИЛИ: "Илия тік айқаста Исламды накаутқа жібереді"

Футбол
Бүгін 17:53

Футбол
Бүгін 15:46

Футбол
Бүгін 14:46