locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Қонақ
Қонақ Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз немесе тіркеліңіз
Мәзір

Илия Топурия қайта оралады: UFC 317 турнирінде чемпиондық белбеу үшін жекпе-жек өтеді

ММА 23 сәу 2025 07:47
Арсен Алиев
Арсен Алиев
Редактор
Илия Топурия қайта оралады: UFC 317 турнирінде чемпиондық белбеу үшін жекпе-жек өтеді
ФОТО: Getty Images

Аралас жекпе-жек шебері, грузиялық Илия Топурия UFC-дің жартылай жеңіл салмақ (65 келіге дейін) санатындағы бұрынғы чемпионы ретінде кезекті жекпе-жегін 29 маусымда АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында өтетін UFC 317 турнирінде өткізеді.

Бұл ақпаратты инсайдер Альваро Колменеро таратты. Оның айтуынша, Топурия Халықаралық жекпе-жек апталығы аясында октагонға шығады және бұл кездесу чемпиондық белбеу үшін өтпек.

– «Маған Топурия International Fight Week кезінде октагонға шығады деп айтты. Бұл – титулдық жекпе-жек», – деп жазды Колменеро әлеуметтік желіде.

28 жастағы Илия Топурия UFC-дегі мансабын 2020 жылы бастаған. 2025 жылдың ақпан айында өткен UFC 298 турнирінде ол австралиялық Алекс Волкановскиді екінші раундта нокаутқа жіберіп, чемпиондық белбеуді жеңіп алған болатын. Кейінірек, Абу-Дабиде өткен UFC 308 турнирінде америкалық Макс Холлоуэйді үшінші раундта нокаутпен жеңіп, титулын сәтті қорғады.

Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie