Иэн Гэрридің кіммен жұдырықтасатыны белгілі болды
ММА
14 мау 2025
16:06

Нұрбақыт Қадырбаев
Редактор

ФОТО: Getty Images
UFC жартылай орта салмақтағы файтері Шон Брэди (19-4) келесі жекпе-жегін ирландиялық Иэн Мачадо Гэрримен (16-1) өткізетінін мәлімдеді.
«Мен Гэрри мен Белал Мұхаммед арасындағы жекпе-жек болмайтынын білемін. Иэн жәй ғана жағдайды қыздырып жатыр. Мен оның келесі қарсыласы боламын», - деді Шон.
Ирландиялықтың соңғы жекпе-жегі 27 сәуірде Канзас-Ситиде (Миссури, АҚШ) UFC on ESPN 66 турнирінде бразилиялық Карлос Пратеске қарсы өтті. Жекпе-жек бүкіл қашықтыққа созылды және Гэрри өзінің мансабындағы 16-шы жеңісін тіркеді.
Мачадо 2024 жылы желтоқсанда өткен UFC 310 турнирінде қазақстандық файтер Шавкат Рахмоновқа қарсы жекпе-жегінде жалғыз жеңіліске ұшырады.
Танымал жаңалықтар
Барлық жаңалықтар
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек