Иэн Гэрри Шавкат Рахмоновтың болжамы туралы айтты
Шавкат Рахмонов бұрынғы әріптесі Иэн Гэрримен чемпиондық титулға таласу құқығы үшін жекпе-жек өткізеді. Жекпе-жек қарсаңында қазақстандық спортшының қарсыласына чемпиондық болашақты болжағаны белгілі болды. 8 желтоқсан күні октагонда кездесетін қос спортшы бұған дейін Kill Cliff залында бірге жаттығып, спаррингтер өткізген. Рахмонов басынан-ақ чемпион болуға деген амбициясын көрсетіп келді, бірақ ол тек өзін емес, Иэн Гэрриді де чемпион болады деп есептеген. Бұл туралы ирландиялық спортшы UFC-дің YouTube-арнасына берген сұхбатында айтты.
“Мен Kill Cliff залына келгенде, Шавкат та сол жерде жаттығып жүрді. Біз бірге көп жаттықтық. Мен оны феноменальды спортшы деп санаймын. Генри Хуфт маған Шавкатпен сөйлескенін айтты. Сол кезде Шавкат: ‘Бір күні ол (Гэрри) чемпион болады. Бірақ алдымен мен чемпион боламын’ депті. Кейін ол екеуіміздің біреуіміз жеңілуге мәжбүр болатынымызға өкінетінін айтты. Бірақ мен оның бірінші чемпион болмауы үшін бар күшімді саламын!”, — деді Гэрри.
Еске сала кетейік, Рахмонов пен Гэрри арасындағы жекпе-жек 7 желтоқсан күні Лас-Вегаста (АҚШ) өтетін UFC 310 турнирінде өтеді.
Белбеу үшін күрес: Рахмонов Гэрриді мерзімінен бұрын жеңуге дайын.