Иэн Гэрри Рахмоновқа қарсы кездесуден кейін Хабиб командасымен жекпе-жек өткізгісі келеді
Ирландиялық файтер Иэн Гэрри UFC 310 турнирінде қазақстандық Шавкат Рахмоновпен жекпе-жегінен кейін Хабиб Нурмагомедовтың командасының өкіліне қарсы жекпе-жек өткізуді жоспарлап отыр.
8 желтоқсан күні таңертең Лас-Вегаста (АҚШ) Иэн Мачадо Гэрри UFC 310 турнирінің қосалқы басты оқиғасында Шавкат Рахмоновпен кездеседі. Бұл жекпе-жек үміткерлік мәртебеге ие, жеңімпаз жартылай орта салмақтағы UFC чемпионы Белал Мұхаммедтің келесі қарсыласы болады.
Гэрри Шавкатты жеңетініне сенімді және Белал Мұхаммедпен жекпе-жек өткізуге бел буып отыр. Сонымен қатар, ирландиялық файтер өзінің командасындағы Чарльз Оливейраның Ислам Махачевке қарсы шығуын қалайтынын айтты. Бұл жекпе-жектерді Гэрри 2025 жылдың маусым айында өтетін Халықаралық жекпе-жек апталығында ұйымдастыруды көздеп отыр.
“Chute Boxe vs Team Khabib – бізге дәл осы қажет. Біз мұны қалаймыз!” – деді Гэрри.
Айта кетейік, Белал Мұхаммед біраз уақыттан бері Хабиб Нурмагомедовтың командасында жаттығып, күрес шеберлігін жетілдіруде. Ал Иэн Гэрри жақында “Chute Boxe” командасына қосылып, Рахмоновпен жекпе-жектен кейінгі басты мақсаты ретінде Белалды таңдаған.
Жекпе-жек алдындағы шиеленіс: Иэн Гэрри Рахмоновты психологиялық тұрғыдан жеңгенін айтты.
Теннис
Бүгін 00:35
Футбол
Бүгін 00:17
Теннис
Бүгін 00:06