Хабиб Нурмагомедов: "Мен Белал мен Камарудың кездесуін көргім келеді"
UFC-дің жеңіл салмақтағы бұрынғы чемпионы Хабиб Нурмагомедов жартылай орта салмақтағы чемпиондық титулға кімнің лайықты екенін талқылап, өз пікірін білдірді.
Хабибтің айтуынша, Шавкат Рахмоновпен жоспарланған жекпе-жекке қарамастан, чемпион Белал Мұхаммад келесі қарсылас ретінде рейтингтің үшінші нөмірі Камару Усманмен кездесуі қажет.
“Мен Белал мен Камарудың кездесуін көргім келеді. Камару бұл мүмкіндікке толықтай лайық деп санаймын. Адамдар не айтса да, ол мұндай құқықты өз еңбегімен дәлелдеді. Әрине, кезекте Шавкат та бар. Бірақ егер Камару Джек Маддалена сияқты қарсыласын жеңсе, титул үшін айқасуға толық құқығы бар деп ойлаймын”, — деп пікір білдірді Хабиб “Pound 4 Pound” подкастында.
Айта кетейік, Белал Мұхаммад 8 желтоқсанда қазақстандық жеңілмеген файтер Шавкат Рахмоновқа қарсы өз титулын алғаш рет қорғауы тиіс еді. Алайда, американдық спортшының жарақатына байланысты жекпе-жек өтпей қалды. Шавкат өз кезегінде рейтингтің жетінші нөмірі, ирландиялық Иэн Мачадо Гарримен кездесіп, төрешілердің шешімімен сенімді жеңіске жетті.
Сапаров: "ММА – ауыр еңбек, әр жекпе-жекте қарсыласты мерзімінен бұрын жеңу мүмкін емес".
Басқа спорт түрлері
Бүгін 05:01
Басқа спорт түрлері
Бүгін 03:26
Футбол
Бүгін 03:05