Грегори Родригес Шавкат Рахмоновпен бірлескен жаттығулары туралы айтты
“Робокоп” лақап атымен танымал бразилиялық файтер Грегори Родригес (16-5) Шавкат Рахмоновпен (19-0) және бразилиялық Алекс Перейрамен (12-2) бірлескен жаттығулары туралы айтты.
“Екеуі де ерекше жігіттер. Және өте әртүрлі. Техника жағынан Перейраның соққысы басқа деңгейде. Ол өте күшті жігіт. Оның жақсы джиу-джитсуы да бар. Онымен өткізген уақыт мен үшін өте маңызды болды. Мен оның ұрыс кезінде қалай ойлайтынын білгім келді. Ол ”жеңілсем не болады?" деп емес, “жеңсем не болады?” деп ойлайды. Маған бұл ойлау тәсілі ұнайды. Мен одан көп нәрсені үйрендім.
Ал Шавкатқа келсек, оның қолын алуға, мойнын алуға, қолын сындыруға болады, бірақ ол не болса да берілмейді. Оның соңғы жекпе-жегінде тізе буыны сынғанын білесіз. Ол жарақатына байланысты көп уақыт жіберіп алды, содан кейін қарсыласы өзгерді - ол кіммен жұдырықтасатынын білмеді, бірақ оған бәрібір. Сіз одан залда сұрайсыз: “Бро, ұрысасың ба, жоқ па? Кіммен жекпе-жекке шығасың?”-дейсің. Ол: "Білмеймін, бірақ кімді берсе, солармен төбелесуге дайынмын" дейді. Маған бұл ұнайды. Психикалық жағынан өте күшті жігіт. Осы жігіттермен жаттыққаныма қуаныштымын", - деп келтіреді sports.kz Родригестің сөзін.
Естеріңізге сала кетейік, Шавкат соңғы рет Лас-Вегаста (АҚШ, Невада) өткен UFC 310 турнирінің негізгі жарысында Иэн Гэрримен жұдырықтасқан болатын. Рахмонов бірауыздан (үш рет 48-47) жеңіске жетті. Бұл жекпе-жекті ол мансабында бірінші рет мерзімінен бұрын аяқтай алмады.
Хоккей
Бүгін 00:06