«Егер белбеу үшін шықпайтын болсаң - менімен шық»: Хоакин Бакли Шавкат Рахмоновты ашық жекпе-жекке шақырды


АҚШ-тың UFC ұйымындағы жартылай орта салмақтағы жекпе-жек шебері Хоакин Бакли (21-6), рейтингте алтыншы орында тұрған спортшы, осы дивизионда екінші орынды иеленіп отырған қазақстандық Шавкат Рахмоновқа (17-0) ашық түрде жекпе-жекке шығуға шақыру тастады.
Бакли Рахмоновтың ұзақ уақыт бойы октагонға шықпай жүргенін сынға алып, оған нақты ұсыныс жасады:
«Шавкатта екі мүмкіндік болды, екеуін де жіберіп алды. Чемпиондық белбеу бұрышта отырғандарға берілмейді. Егер белбеу үшін қайтпай жатсаң — менімен шық!» – деп жазды ол X әлеуметтік желісінде.
Еске салайық, 10 мамыр күні Канада, Монреаль қаласында UFC 315 турнирі өтеді. Бас жекпе-жекте жартылай орта салмақтағы чемпион Белал Мухаммад пен австралиялық Джек Делла Маддалена кездеседі.
UFC президенті Дана Уайттың мәлімдеуінше, осы кездесу жеңімпазы келесі жекпе-жекте чемпиондық титулын қазақстандық Шавкат Рахмоновқа қарсы қорғайтын болады.
Демек, Рахмоновқа титулды жекпе-жекті күту ғана қалып отыр - егер ол Баклидің шақыруын қабылдамаса және шешуші айқасқа дейін өзін сынап көргісі келмесе.

Футзал
Бүгін 07:30

Басқа спорт түрлері
Бүгін 06:18

Футбол
Бүгін 01:42