locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Қонақ
Қонақ Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз немесе тіркеліңіз
Мәзір

Джош Томпсон: Шавкат Рахмонов Ислам Махачевке қиын қарсылас бола алады

ММА 30 нау 2025 02:18
Арсен Алиев
Арсен Алиев
Редактор
Джош Томпсон: Шавкат Рахмонов Ислам Махачевке қиын қарсылас бола алады
ФОТО: Getty Images

АҚШ-тың бұрынғы UFC жекпе-жек шебері Джош Томпсон жеңіл салмақтағы UFC чемпионы Ислам Махачевке қиындық туғызуы мүмкін қарсылас туралы өз пікірін білдірді.

Оның айтуынша, қазақстандық жартылай орта салмақтағы файтер Шавкат Рахмонов Махачевке қарсы жекпе-жекте айтарлықтай қиындық тудыруы мүмкін.

- «Шавкат – бойы ұзын, қолдары да ұзын. Ал Ислам әдетте өз қарсыластарынан ұзын болады. Бұл Джон Джонстың жағдайына ұқсайды: егер ол өзімен тең немесе ұзын қарсыласпен жұдырықтасса, қиындықтарға тап болатын. Сондықтан менің ойымша, Шавкат Исламға үлкен мәселелер туғыза алады», – деді Томпсон Weighing In подкастында.

Ислам Махачевтің еншісінде 28 жекпе-жектің 27-сінде жеңіс бар, ал Шавкат Рахмонов 19 кездесудің барлығында жеңіске жетіп, рекордын сақтап келеді.

Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie