Депутат туризмді дамыту үшін Рахмонов пен Әлімханұлының жекпе-жегін Қазақстанда ұйымдастыруды ұсынды
Мәжіліс отырысында депутат Ринат Зайытов Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосыновқа Шавкат Рахмонов пен Жәнібек Әлімханұлының жекпе-жектерін Қазақстан аумағында ұйымдастыруды ұсынды.
“Бізде әлемдік спорттың беткеұстар тұлғаларына айналған екі спортшы бар: UFC-да чемпиондық жекпе-жекке дайындалып жүрген Шавкат Рахмонов пен Жәнібек Әлімханұлы. Бір кездері біз Геннадий Головкиннің жекпе-жегін Қазақстанда көруді армандаған едік. Қазір Шавкат үшін мемлекет тарапынан қолдау бар. Осы спортшыларға арналған турнирді Алматы мен Астанамен шектелмей, еліміздің өңірлерінде өткізу арқылы туризмді дамыту мүмкін бе?” – деп сұрады Зайытов.
Министр Мырзабосынов өз кезегінде мұндай турнирді ұйымдастыру мәселесі талқыланып жатқанын жеткізді.
Қазақстанда қаржыландыру қайта қаралады: 180 спорт түрінің тек 60-ы басымдыққа ие болады.
Теннис
Бүгін 11:30
Бокс
Бүгін 09:29
Теннис
Бүгін 08:52