locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Мәзір

Дана Уайт Мераб Двалишвили мен қазақстандық жанкүйер арасындағы жанжалға пікір білдірді

Дана Уайт Мераб Двалишвили мен қазақстандық жанкүйер арасындағы жанжалға пікір білдірді
ФОТО: Getty images

UFC президенті Дана Уайт UFC 310 турнирінде Мераб Двалишвили мен қазақстандық жанкүйер арасындағы төбелеске қатысты өз пікірін білдірді.

“Мераб — менің кішкентай Стриклендім. Аз сөйлеп, көп іс тындыратын жігіт. Не істейміз? Бәлкім, оған PPV (ақылы трансляция) сатып алып беруіміз керек шығар. Мен білмеймін. Бірақ жанкүйерлермен үнемі төбелесе беру дұрыс емес. Әрине, төбелесе аласың, бірақ бұл саған қымбатқа түседі. Бұл сөзді мен жауынгерлеріме талай мәрте қайталап айтып жүрмін, бірақ жекпе-жек әлемі осындай. Мұндай оқиғалар болады, және біз оған лайықты жауап беруге мәжбүрміз.

Мерабтың табиғаты сондай. Бұл оның жанкүйерлермен алғаш рет қақтығысуы емес. Тіпті кеше өткен баспасөз конференциясында біреу залдан айқайлап еді, ол сол адамды іздеуге талпынды. Біз мұндай жағдайлардың алдын алу үшін барымызды саламыз. Бүгін де солай болды, бірақ оның шынымен төбелеске араласатынын күтпедім, әсіресе Алджамейн Стерлингтің секунданты болып жүргенде”,— деді Уайт.

Белгілі болғандай, қазақстандық жанкүйер — Атырау облыстық күрес федерациясының президенті әрі кәсіпкер Арман Тұғаев екен. Айта кетерлігі, бұл оқиғадан кейін оны аренадан шығарған жоқ.

Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie