«Чемпион тағы да таққа отырды»: Криштиану Роналду Волкановскиді UFC чемпиондық атағын қайтаруымен құттықтады


40 жастағы «Аль-Наср» клубының шабуылшысы, әлемдік футбол аңызы Криштиану Роналду Александр Волкановскиді жеңісімен және UFC-дің жеңіл салмақтағы (66 кг дейін) чемпиондық белдігін қайтаруымен құттықтады.
Македон-грек тегінен шыққан австралиялық спортшы 13 сәуірде Майамиде (АҚШ) өткен UFC 314 турнирінің басты жекпе-жегінде бразилиялық Диего Лопесті сенімді түрде жеңді.
Жұлдызды футболшы әлеуметтік желіде:
«Чемпион оралды», – деп қысқа да нұсқа жазба қалдырды.
Бес раундқа созылған айқас төрешілердің бір ауыздан шығарған шешімімен Волкановскидің пайдасына аяқталды. Осылайша, ол екі жеңілістен тұратын серияны тоқтатып, 2024 жылдың ақпанында Илия Топурияға титулын жоғалтқан сәтінен кейін қайтадан өз салмағының көшбасшысы атанды. Бұл жеңіс Александрдың әлі де өз орнын жоғалтпағанын дәлелдеді.

Басқа спорт түрлері
Бүгін 06:18

Футбол
Бүгін 01:42

Бокс
Бүгін 01:19