locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Қонақ
Қонақ Пікірлерді қалдыру үшін\n кіріңіз немесе тіркеліңіз
Мәзір

Чарльз Оливейра Махачевпен реваншқа дайын екендігін айтты

Чарльз Оливейра Махачевпен реваншқа дайын екендігін айтты
ФОТО: Getty Images

Жеңіл салмақтағы бұрынғы UFC чемпионы Чарльз Оливейра (35-10) Ислам Махачевпен (30-1) реванш өткізгісі келетінін айтты.

“Мен Махачевпен көктемде өтетін реваншқа дайынмын. Біз мұны міндетті түрде талқылаймыз”, - деп келтіреді ТАСС Оливейраның сөзін.

Сондай-ақ жеңіл салмақтағы бұрынғы UFC чемпиондығына үміткер Майкл Чендлер (23-9) әлеуметтік желіде Оливейра Махачевтің келесі жекпе-жектегі ең жақсы қарсыласы болатынын мәлімдеді.

Еске салайық, Ислам Махачев бүгін таңертең Ренато Мойканоға қарсы (20-6-1) чемпион атағын қорғап, бірінші раундта жекпе-жекті тұншықтыру әдісімен аяқтаған болатын.

Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie