Белбеу үшін күрес: Рахмонов Гэрриді мерзімінен бұрын жеңуге дайын
UFC-дің жартылай орта салмақ дәрежесінде үшінші орында тұрған Шавкат Рахмонов алдағы Йен Мачадо Гэрриге қарсы жекпе-жекте жеңіске жетіп, чемпиондық белбеуге басты үміткер мәртебесін сақтап қалатынына сенімді.
“Қазақстандық жанкүйерлер UFC-де елімізді лайықты түрде танытып, көрермендерді қызықтыратын жекпе-жектер өткізетін спортшыны ұзақ күтті. Менің барлық жекпе-жектерім жанкүйерлер үшін қызықты. Мен әмбебап спортшы болғандықтан, кездесулерді мерзімінен бұрын аяқтап жүремін. Енді чемпиондық белбеуге басты үміткер екенімді дәлелдеуге дайынмын”, — деді Шавкат UFC Countdown бейнеблогында.
Айта кетейік, Шавкат Рахмонов пен Йен Мачадо Гэрри арасындағы жартылай орта салмақтағы үміткерлік жекпе-жек UFC 310 турнирінің екінші маңызды оқиғасы болмақ. Турнир 7 желтоқсан күні Лас-Вегаста өтеді. Бұл жекпе-жектің жеңімпазы қазіргі уақытта аурудан кейін қалпына келіп жатқан дивизион чемпионы Белал Мұхаммадқа қарсылас атанады.
Футбол
Бүгін 09:47
Басқа спорт түрлері
Бүгін 05:25