Бекзат Жасияның Шымкенттегі жарқын жеңісі: уақытша чемпиондық белдік Қазақстанда


26 сәуір күні Шымкентте өткен Alash Pride FC 107 турнирінде жартылай жеңіл салмақта титулдық жекпе-жек өтті. Кездесуде қазақстандық спортшы Бекзат Жасия мен Қырғызстан өкілі Тағайбек Сайфидин уулу күш сынасты.
Жекпе-жекте уақытша чемпиондық белдік сарапқа салынды. Кездесу аса тартысты өтті: алғашқы раундта Сайфидин уулу қарсыласын күреске тартуға тырысты, бұл екі спортшының да көп күш жұмсауына себеп болды. Кейінгі раундтарда айқас негізінен тік тұрыс жағдайында жалғасты.
Үшінші раундта Бекзат Жасия басымдық танытты. Ал төртінші раундта ол қарсыласын партерге түсіріп, жауапсыз соққыларын жаудырды. Нәтижесінде төреші жекпе-жекті тоқтатуға мәжбүр болды.
Осылайша, Бекзат Жасия кәсіби рекордын 7–1 көрсеткішіне дейін жақсартып, Alash Pride лигасының уақытша чемпионы атанды. Ал Тағайбек Сайфидин уулу (5–1) кәсіби мансабындағы алғашқы жеңілісіне ұшырады.

Футбол
Кеше 18:07

Футбол
Кеше 17:27

Футбол
Кеше 16:59