locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Қонақ
Қонақ Пікірлерді қалдыру үшін\n кіріңіз немесе тіркеліңіз
Мәзір

Бекзат Алмахан UFC-дегі екінші жекпе-жегін өткізеді – турнир мен күні белгілі

Бекзат Алмахан UFC-дегі екінші жекпе-жегін өткізеді – турнир мен күні белгілі
ФОТО: Бекзат Алмахан

10 мамыр күні Канададағы Монреаль қаласында өтетін UFC 315 турнирінде қазақ файтері Бекзат Алмахан екінші жекпе-жегін өткізеді. Бұл туралы Eurosport журналисі Марсель Дорф хабарлады.

Алмаханның қарсыласы канадалық Брэд Катона (14-4) болады. Катона UFC-дегі барлық жекпе-жектерін төрешілердің шешімімен аяқтаған және The Ultimate Fighter шоуының екі маусымында жеңіске жетіп, сондай-ақ Brave ұйымында чемпион атанған.

Бекзат Алмахан UFC-дегі дебютін 2024 жылдың наурыз айында Умар Нурмагомедовқа қарсы өткізді. Бұл кездесуде Нурмагомедов төрешілердің шешімімен жеңіске жеткенімен, Бекзат оны алғаш рет нокдаунға түсіріп, оның мансабындағы алғашқы нокдаунды тіркеді. Алайда жекпе-жектен кейін Алмахан аяғына ота жасатып, содан бері октагонға шыққан жоқ.

Сонымен қатар, UFC Асу Алмабаевтың Лас-Вегастағы беделді турнирде өтетін маңызды жекпе-жегін ресми түрде растады.

Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie