locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Қонақ
Қонақ Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз немесе тіркеліңіз
Мәзір

Азат Максұм – Бакудегі UFC-дегі жеңілістен кейін: Қазақ жанкүйерлерінен асқан жанкүйер жоқ!

Қазақстандық файтер жанкүйерлерге ризашылығын білдірді
ММА 23 мау 2025 07:24
Арсен Алиев
Арсен Алиев
Редактор
Азат Максұм – Бакудегі UFC-дегі жеңілістен кейін: Қазақ жанкүйерлерінен асқан жанкүйер жоқ!
ФОТО: aza.maksum инстаграм парақшасынан

Аралас жекпе-жек шебері Азат Максұм 21 маусым күні Әзірбайжан астанасы Бакуде өткен UFC on ABC 8 турниріндегі даулы жеңілістен кейін жанкүйерлеріне алғыс айтты.

Қазақстандық спортшы ресейлік Тагир Уланбековпен үш раундқа созылған айқаста төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімімен жеңіліп қалды. Бұл нәтиже жанкүйерлер мен сарапшылар арасында біршама пікірталас туғызды.

Максұм өзінің Instagram парақшасында ел жанкүйерлерінің қолдауына ерекше тоқталып өтті:

«Жанкүйер көп, бірақ қазақ жанкүйерлеріндей шынайы әрі дауыстысын табу қиын! Бірге – биікке жетеміз!», – деп жазды ол сторисінде.

Айта кетейік, бұл кеш тек спортшылар үшін ғана емес, бүкіл посткеңестік кеңістік үшін тарихи болды - UFC алғаш рет Әзірбайжан аумағында турнир өткізді.

Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie