locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Қонақ
Қонақ Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз немесе тіркеліңіз
Мәзір

Қазақстандық UFC жауынгері болашақ қарсыласына баға берді

ММА 22 ақп 2025 05:42
Наурызбай Қанатұлы
Наурызбай Қанатұлы
Қазақстандық UFC жауынгері болашақ қарсыласына баға берді
Фото: gettyimages

UFC-дің қазақстандық жауынгері, Шавкат Рахмановпен бір дивизионда өнер көрсететін Николай Веретенников, промоушндағы өзінің болашақ қарсыласы туралы пікір білдірді

"Иә, қарсыласты қарадым – тіпті біз қарсылас болмай тұрып та, мен оның бірнеше жекпе-жегін көргенмін. Мен не ойлаймын? Менің ойымша, ол жігіт күреске баса назар аударады. Бірақ мен балуандармен төбелескенді ұнатамын. Сондықтан алда не боларын тор көрсетеді", - деді файтер.

35 жастағы Веретенников (12-5) өткен жылы тамызда UFC-де дебют жасап, американдық Дэнни Барлоудан (9-0) төрешілер шешіммен жеңілді.

Бұған дейін Николайдың шақыруды қысқа уақытта қабылдағаны және UFC Fight Night 252 турнирінде америкалық Остин Вандерфордқа (12-2) қарсы 23 ақпанда көрсететіні белгілі болды.

Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie