Қазақстандық файтер әлемдік лигамен келісімшартқа отырды. Бірінші жекпе-жектің күні белгілі
UFC экс-чемпионы Петр Янның (17-5) жақын досы болып табылатын қазақ тектес ресейлік атақты жауынгер Ильияс Хамзин (13-4) американдық Кarate Сombat лигасымен ұзақ мерзімді келісімшартқа қол қойды.
Жауынгерлік ұйыммен келісім-шарт алты жекпе-жекке арналған. Ильястың келісімшарт бойынша алғашқы жекпе-жегі 5 желтоқсанда Майамиде (АҚШ) өтеді деп жоспарланған. Жауынгер Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында ақпаратпен бөлісті.
"Біз Кarate Combat-пен алты жекпе-жекке ұзақ мерзімді келісімшартқа отырдық. Мен Николай Клименкоға халықаралық аренада өзін көрсету мүмкіндігі үшін алғыс айтқым келеді. Бір мақсат, бір команда. Менің алғашқы жекпе-жегім 5 желтоқсанға жоспарланған Майами. Ехаалаа", - деп жазды Хамзин.
Естеріңізге сала кетейік, Ильяс осы жылдың 14 қыркүйегінде RCC intro 33 турнирінде экстремалды жекпе-жек өткізіп, LFA-ның бұрынғы жауынгері бразилиялық Джуниор Луиздан (12-5) төрешілер шешіммен жеңіліп қалды.
Теннис
Бүгін 11:30
Бокс
Бүгін 09:29
Теннис
Бүгін 08:52