locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Мәзір

Қазақ және өзбек жекпе-жегі? Асу Алмабаев Теміровке қарсы болуы мүмкін кездесу жайлы

Қазақ және өзбек жекпе-жегі? Асу Алмабаев Теміровке қарсы болуы мүмкін кездесу жайлы
ФОТО: Getty images

UFC-де өнер көрсететін қазақстандық ММА файтері Асу Алмабаев (21-2) қазанда промоушенде жарқын дебют жасаған өзбекстандық Рамазонбек Теміровті (18-2) болашақта қарсылас ретінде қарастыра ма деген сұраққа пікір білдірді.

“Теміров өзін өте тамаша жағынан көрсетті. Нокаутпен жеңіске жетті. Бауырлас халықтың өкілі ретінде оған алдағы уақытта тек сәттілік тілеймін. Әзірге нақты ештеңе айта алмаймын – уақыт көрсетеді. UFC қарсылас берсе, кез келгенімен жекпе-жекке дайынбыз. Ал Теміровке шыңдарды бағындыруына шын жүректен тілектеспін,” – деп атап өтті Алмабаев.

Айта кетейік, Рамазонбек Теміров UFC-дегі дебютін 13 қазанда өткізіп, бірінші раундта америкалық Си Джей Вергарды (12-6-1) нокаутпен жеңген болатын. Бұған дейін Асу Алмабаев наурыз айында дәл осы Вергарды төрешілердің бірауызды шешімімен жеңген еді.

20 қазанда Асу UFC аясында кезекті жекпе-жегін өткізіп, бразилиялық Матеус Николауды (19-5-1) сенімді түрде жеңді. Жеңісінен кейін ол октагонда промоушен басшылығына титулдық жекпе-жек беру туралы өтініш білдірген болатын.

Георгий Кичигин Алматыда Octagon лигасының чемпиондық атағын сақтап қалды.

Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie