Қазақ файтері Рахмоновтың бұрынғы қарсыласын нокаутқа түсіріп, чемпиондық титулға ие болды
Шымкентте өткен Alash Pride 104 турнирінде жеңіл салмақтағы лиганың "уақытша " чемпионы атағы үшін титулдық жекпе-жек өтті. Октагонда қазақстандық спортшы Нұрхан Жұмағазы (6-1) мен қырғызстандық Ринат Саяқбаев (15-10-1) кездесті, деп хабарлайды Sports.kz.
Жекпе-жек бес раундқа жоспарланғанымен, нәтиже бірінші раундта-ақ белгілі болды. Жұмағазы айқын жеңіске жетіп, жекпе-жекті техникалық нокаутпен аяқтады.
Бұл жеңіс Нұрхан Жұмағазының ММА-дағы кәсіби мансабындағы жетінші жеңісі болды және оған жеңіл салмақта Alash Pride-тың “уақытша” чемпионы атағын алып берді. Ал Саяқбаев үшін бұл мансабындағы он бірінші жеңілісі болды.
Айта кетейік, 2018 жылы Ринат Саяқбаев жеңілмеген Шавкат Рахмоновпен (19-0) жекпе-жек өткізіп, екінші раундта мерзімінен бұрын жеңілген еді.
Куат Хамитов пен Мариф Пираев арасындағы жекпе-жек кейінге шегерілді.
Футбол
Бүгін 07:52
Футбол
Бүгін 07:13