Аустралиялық жұлдыз: Джек Делла Маддалена UFC 315 турниріндегі жеңістен кейін UFC-дің Pound-for-Pound рейтингінің үздік ондығына енді


Канада, Квебек қаласында өткен UFC 315 турнирінен кейін UFC ұйымы салмақ дәрежесіне қарамастан үздік файтерлердің жаңартылған Pound-for-Pound рейтингін жариялады.
Бұл тізімдегі басты жаңалық - жартылай орта салмақта чемпион атанған аустралиялық Джек Делла Маддаленаның (18 жеңіс, 2 жеңіліс) үздік ондыққа кіруі болды.
Аталған турнирде Маддалена америкалық Белал Мұхаммедті (24-4) сенімді түрде жеңіп, төрешілердің бір ауыздан шығарған шешімімен жеңіске жетті. Бұл жетістік оған тек чемпиондық белбеуді ғана емес, UFC-дің жалпы рейтингінде 9-орын иеленуге де мүмкіндік берді. Ол бұл арқылы бірнеше танымал жұлдыздарды басып озды.
2025 жылдың 13 мамырындағы UFC Pound-for-Pound рейтингі:
- Ислам Махачев (Ресей)
- Джон Джонс (АҚШ)
- Илия Топурия (Грузия)
- Мераб Двалишвили (Грузия)
- Дрикус дю Плесси (ОАР)
- Магомед Анкалаев (Ресей)
- Александр Волкановски (Аустралия)
- Алекс Перейра (Бразилия)
- Джек Делла Маддалена (Аустралия)
- Александр Пантожа (Бразилия)
ESPN басылымының хабарлауынша, қазан айына жартылай орта салмақта чемпиондық жекпе-жек алдын ала жоспарланып отыр. Онда Джек Делла Маддалена жеңіл салмақтың қазіргі чемпионы - Ислам Махачевпен кездесуі мүмкін. Сонымен қатар, қазақстандық Шавкат Рахмонов пен америкалық Шон Брэди арасында үміткерлік кездесу өтпек. Бұл жекпе-жектің жеңімпазы келесі титулдық жекпе-жекке жолдама алуы ықтимал.

Футбол
Бүгін 17:58


Футбол
Бүгін 17:16