Аты аңызға айналған текетірес жалғасуда: Хабиб пен Конор Bellator алаңында
Аралас жекпе-жек өнерінің аңыздары, UFC-дің бұрынғы жұлдыздары ресейлік Хабиб Нурмагомедов пен ирландиялық Конор МакГрегор Bellator ұйымындағы алдағы титулдық жекпе-жекте секундант ретінде қатысуы мүмкін.
2025 жылдың 25 қаңтарында Дубайда (БАӘ) ресейлік файтер Усман Нурмагомедов пен ирландиялық Пол Хьюз жеңіл салмақтағы чемпиондық белбеу үшін Bellator турнирінің басты оқиғасында кездеседі.
DovySime MMA журналисінің мәліметінше, Хабиб Нурмагомедов өзінің немере інісі Усман Нурмагомедовке секундант болады, ал Конор МакГрегор өз отандасы Пол Хьюзді қолдайды. Осылайша, бұрынғы қарсыластар 2018 жылғы атышулы жекпе-жектен кейін алғаш рет бір торда қайта кездесуі мүмкін.
Айта кетейік, 2018 жылы Хабиб Нурмагомедов Конор МакГрегорды UFC жеңіл салмақтағы титулдық жекпе-жегінің төртінші раундында тұншықтыру әдісімен жеңген болатын.
ММА
Бүгін 08:59