Асу Алмабаев UFC-дегі келесі жекпе-жегінің күні туралы пікір білдірді
Қазақстандық UFC жауынгері Асу Алмабаев келесі жекпе-жегін ақпан айының ортасында немесе соңында өткізуді жоспарлап отыр. Бұл туралы ол өзінің әлеуметтік желісінде хабарлады.
Асу Алмабаевтың айтуынша, ол Рамазан айына дейін бір жекпе-жек өткізіп үлгеруді мақсат еткен. Қасиетті ораза уақытында тыныштықпен ұстауға мүмкіндік алғысы келеді.
-"Мен келесі жекпе-жегімді ақпанның ортасында немесе соңында өткізгім келеді – Рамазан айына дейін бір жекпе-жек өткізіп үлгеру үшін. Содан кейін қасиетті оразамызды тыныштықпен ұстағым келеді", – деді Асу.
Қазіргі уақытта Асу Алмабаев UFC рейтингінде 7-орында тұр. Ол осы уақытқа дейін ұйымның түрлі жауынгерлерімен жақсы нәтижелер көрсетті, ал алдағы жекпе-жегі оның мансабындағы маңызды кезеңдердің бірі болып табылады.
Қазақстандық Маймаков BRAVE лигасымен келісімшартқа қол қойды: алғашқы қарсыласы белгілі болды
Басқа спорт түрлері
Бүгін 02:07
Теннис
Бүгін 01:30