locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Мәзір

АҚШ-тың сұлу журналистері Рахмонов үшін Қазақстанға келеді

АҚШ-тың сұлу журналистері Рахмонов үшін Қазақстанға келеді
ФОТО: Шавкат және Лора Санко

ESPN комментаторы мен жүргізушісі Лора Санко және бразилиялық модель әрі блогер Нина-Мари Даниель UFC файтері Шавкат Рахмонов туралы фильм түсіру үшін Қазақстанға келуді жоспарлап отыр.

UFC-дегі алғашқы титулдық жекпе-жекке жеткен алғашқы қазақстандық жауынгер Шавкат Рахмонов көптен бері америкалық журналистердің назарында. Олар оны жақынырақ тану үшін мыңдаған шақырымды еңсеруге дайын.

“Лора да, Нина да Қазақстанға келіп, Шавкат туралы арнайы фильм түсіргісі келеді. Жақын арада бұл жобаны ұйымдастырамыз деп ойлаймын. Ең бастысы, Шавкаттың өзі бұл идеяны қолдауы қажет”, — деді қазақстандық жауынгердің менеджері Саят Әбдрахманов YouTube желісіндегі “Спорт Шредингера” арнасына берген сұқбатында.

Лора Санко Шавкат Рахмоновтың жанкүйері екенін бұрыннан жасырмай айтып келеді. One on One YouTube арнасына берген сұқбатында ол Шавкаттың жекпе-жектерінде ерекше бір “алғашқы адамға тән күшті сезім” бар екенін және оның өнері өзіне ерекше әсер қалдыратынын айтты. Сонымен қатар, америкалық журналист қазақ тілінде сөйлеуге бірнеше рет талпынды.

Шавкат Рахмонов қазақ тілінің сұлулығымен ММА әлемінің тағы бір танымал тұлғасын — Нина Драма есімімен белгілі бразилиялық модель әрі блогер Нина-Мари Даниельді де тәнті етті. Шавкатпен болған сұқбатында ол қазақ тіліндегі ең ұзақ сөзді қайталап көруге тырысты.

8 желтоқсан күні Шавкат Рахмонов кәсіби ММА-дегі 19-жекпе-жегін өткізді. UFC-дегі жеті жеңісінен кейін алғаш рет ол ирландиялық Иэн Мачадо Гэрриді төрешілер шешімімен жеңді. Бұл жеңіс Шавкатты жартылай орта салмақтағы чемпиондық белбеу иегері Белал Мұхаммедке қарсы титулдық жекпе-жектің басты үміткері етті.

Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie