Артем Резниковтың жекпе-жегі титулдық мәртебеге ие болуы мүмкін
Қазақстандық Артем Резников пен ресейлік спортшы Юсуф Раисов әлеуметтік желілерде шағын пікірталасқа шығып, бес раундтық жекпе-жек өткізуге келісімге келді.
“Егер бізге қосымша екі раунд берілсе, мен қосымша гонорар талап етпеймін, себебі бастапқы келісім үш раундқа жасалған болатын. Алайда мен бұл жекпе-жекке белбеу тігуге ниеттімін. BMF”,- деп жазды Резников өзінің Instagram парақшасында.
Айта кету керек, бұл жекпе-жекке қатысты лиганың шешімі әлі ресми түрде жарияланған жоқ.
Еске сала кетсек, Резников пен Раисов арасындағы реванш 15 желтоқсан күні Мәскеуде (Ресей) өтетін АСА турнирінде өтеді. Қарсыластардың алғашқы кездесуі төрешілер шешімі арқасында Артемнің жеңісімен аяқталды.
Рахмоновтың нокауты UFC рейтингінің топ-10 қатарына кірді
Теннис
Бүгін 11:30
Бокс
Бүгін 09:29
Теннис
Бүгін 08:52