locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Қонақ
Қонақ Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз немесе тіркеліңіз
Мәзір

Артем Резников қазақстандық файтерлердің хейтерлері жайлы

Артем Резников қазақстандық файтерлердің хейтерлері жайлы
ФОТО: sports.ru

Қазақстандық ММА файтері Артем Резников (25-9) UFC-ге шыққан Асқар Алмабаев пен Дияр Нұрғожаевты қолдап, олардың соңғы жеңілістерінен кейін пікір білдірді.

Ол YouTube-тегі «Вестник ММА» арнасына берген сұқбатында отандастарына сәттілік тілеп, хейтерлерге назар аудармауға кеңес берді.

«Жігіттер UFC-де мықтылармен төбелесіп жатыр, жақсы өнер көрсетуде. Асуда төрт жеңістен тұратын серия болды, Дияр- Eagle FC ұйымының чемпионы. Мен оларға тек сәттілік тілеймін. Ал хейтерлерге мән бермеңдер. Жанкүйерлердің 70 пайызы - сенімсіз. Жеңсең - көкке көтереді, жеңілсең - таптап өтеді», -деді Резников.

2 наурыз күні UFC Vegas 103 турнирінде Асу Алмабаев Манель Капеден ұтылып қалды. Бұл жеңілістен кейін ол жеңіл салмақтағы рейтингте 9-орынға түсті, бірақ жақында 8-сатыға қайта көтерілді.

Ал Дияр Нұрғожаев өз дебютін Лас-Вегаста өткен Fight Night 254 турнирінде өткізді және Брендсон Рибейродан техникалық нокаутпен жеңілді. Бұған қоса, Дияр салмақ өлшеуде шектеуден асып кеткені үшін айыппұл төлеуге мәжбүр болды.

Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie