locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Мәзір

Александр Емельяненко болашағы жайлы: “Мансабымды аяқтаудың мәні неде?”

Александр Емельяненко болашағы жайлы: “Мансабымды аяқтаудың мәні неде?”
ФОТО: Getty images

Танымал ресейлік ММА жекпе-жек шебері Александр Емельяненко спорттық мансабын аяқтауы мүмкін деген сыбыстарға жауап берді.

“Маған өмір бойы “бұдан ештеңе шықпайды” деп айтады. Бірақ мен бәрібір жұдырықтасып, өнер көрсетемін. Қазір спорт залында жас спортшылармен бірге жаттығып жүрмін және олардың ешқайсысынан кем түспейтінімді байқаймын. Мен физикалық тұрғыдан мықтырақпын, функционалды тұрғыдан да жақсы дамығанмын, техникалық жағынан да басыммын, тәжірибем де мол. Мансабымды аяқтаудың мәні неде? Маған өнер көрсету ұнайды — бұл менің жұмысымның бір бөлігі,” — деді Емельяненко CHABORZ TV-ге берген сұхбатында.

Еске сала кетейік, 43 жастағы спортшы өткен жылдың мамыр айынан бері октагонға шықпады. Осы уақыт аралағында ол Ингушетиядағы оңалту орталығында ем қабылдады.

Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie