locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Қонақ
Қонақ Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз немесе тіркеліңіз
Мәзір

Алекс Перейра Анкалаевпен болған жекпе-жек туралы: Мен одан да мықты қарсыластармен айқастым

Бразилиялық файтер Ресейлік спортшының жеңісін сол күнгі жағдаймен байланыстырады
ФОТО: Getty Images

UFC-дің бұрынғы қос салмақтағы чемпионы Алекс Перейра UFC 313 турнирінде Магомед Анкалаевтан жеңілген жекпе-жегіне пікір білдірді. Бұл кездесуде ол жартылай ауыр салмақтағы белбеуінен айырылған еді.

Кездесу наурыз айында өткен болатын. Анкалаев төрешілердің бір ауыздан қабылдаған шешімімен жеңіске жетіп, UFC-дің жартылай ауыр салмақтағы жаңа чемпионы атанды.

Перейра болса, Ресейлік спортшыны мансабындағы ең қиын қарсылас деп есептемейді.

«Мен Анкалаевтан да мықты қарсыластармен айқастым. Сол күнгі жағдай мен мән-жайлар оны мықты етіп көрсетті. Бірақ мен одан да қатты қарсыластармен жекпе-жекке шыққанмын», – деді Перейра The Schmo YouTube арнасына берген сұхбатында.

Алекс Перейраның октагонға қашан оралатыны және келесі қарсыласы кім болатыны әзірге белгісіз.

Имавов пен Борральо Париждегі UFC турнирінің басты жекпе-жегін өткізеді.

Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie