locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Қонақ
Қонақ Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз немесе тіркеліңіз
Мәзір

«8-9 орын алар еді»: ММА Naiza лигасының жетекшісі – Әліби Ыдырыстың UFC-дегі мүмкіндігі туралы

«8-9 орын алар еді»: ММА Naiza лигасының жетекшісі – Әліби Ыдырыстың UFC-дегі мүмкіндігі туралы
ФОТО: Google

ММА Naiza лигасының жетекшісі Нұрбек Қарабала Sports24.kz сайтына берген эксклюзивті сұхбатында жеңілмеген қазақстандық Әліби Ыдырыс (10-0) туралы пікірімен бөлісті.

Қазақстандық TUF-тен жақында жарақат алып оралды, ал ММА лигасының өкілі осы шоу арқылы файтер UFC-ге ауыса ала ма деген сұраққа жауап берді:

«Иә, бұл Әліби үшін үлкен мүмкіндік. Алдынғы сұхбаттарында ол өзі сияқты файтерлерге тікелей емес, TUF арқылы UFC-ге ауысқаны жақсырақ болатынын айтқан. 12 серияда ұйым жауынгерлерді жаттықтырудың барлық процесін және олардың қарым-қатынасын көрсетеді. UFC бұл шоуды бағалайды, өйткені экономикалық құлдырау кезінде TUF оларға көрермендердің көбеюімен қаржылық көмек көрсетті».

Нұрбек Қарабала мына сөздерді де қосты:

«Ол жерде Кормье сияқты жаттықтырушылар бар, олар файтерлермее тәжірибе алмасты. Нәтижелерімен бөлісе алмаймыз, бірақ мен егер Әліби дәл қазір UFC-де болса, ол 8-9-шы орында болар еді деп айта аламын. Ол мінезі бар өте тәжірибелі боксшы. Менің ойымша, Әліби UFC-ге түсе алады, бірақ ол TUF арқылы түсе алама? Мен мұны айта алмаймын, нәтижесін 27 мамыр көресіздер», - деді Қарабала.

Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie