“Жігіттер тәжірибе жинап жатыр”: Барыс бапкері жеңілістен кейін пікір білдірді
“Барыс” командасының бас бапкері Ғалым Мәмбеталиев ҚХЛ аясында “Нефтехимиктен” (1:4) сырт алаңда жеңілгеннен кейін ойын жайлы пікірін бөлісті.
“Қарымта шабуылдарды ұйымдастыруда қателіктер жібердік, қорғанысқа қайта оралған сәттерде ойын толық аяқталмай қалды… Жалпы, шабуылда көп қалып қойғандықтан , бүгін жеңіске жете алмадық. Бірақ бұл үлкен мәселе емес деп санаймын. Команда бірте-бірте өз деңгейіне қайта оралуда, жігіттер тәжірибе жинап жатыр. Фарм-клубтан қосылған жас ойыншылар да қатарымызда бар. Олар өз қарқынын табады және қойылған міндеттерді орындайтын болады деп сенемін. Физикалық дайындық? Жігіттердің физикалық жағдайы жақсы, қалыпты деңгейде. Мәселе тек кей сәттерде артық әрекеттерге баруда болды, бұл жақсы, бірақ кейде жігіттер кішкентай шайбаны тартып алуға асығып, дұрыс шешім қабылдамады… Соның салдарынан қарымта шабуылдар орын алды. Мен жігіттерді физикалық тұрғыдан әлсіреп қалды деп санамаймын. Біз тек ойынды дұрыс бағытта аяқтап, қажетті тактикалық өзгерістерді жасауға үлгермедік”, - деп пікір білдірді Мәмбеталиев.
Теннис
Бүгін 11:30
Бокс
Бүгін 09:29
Теннис
Бүгін 08:52