Жақсы бастағанымен, шыдай алмады. Барыс сырт алаңда Сибирьден ұтылды


Новосибирьскте "Сибирь" мен Астананың "Барысы" арасындағы Құрлықтық хоккей лигасының кезекті маусымдық ойыны аяқталды.
Қорытынды дабыл 3:2 есебімен алаң иелерінің жеңісін тіркеді.
Кездесуде бірінші болып "Барыс" хоккейшілері табысқа жетті – 6-минутта Дінмұхамед Қайыржан "Сибирь" қақпасына шайба соқты. Астаналықтар 15-минутқа дейін алда болды, бірақ Энди Эндрофф басымдықты пайдаланып, тең еаепті орнатты. 1:1. Көп ұзамай шайба "Барыстың" қақпасына тағы екі рет кіріп, командалар үзіліске 3:1 есебімен кетті.
Екінші кезеңде қазақстандықтар Бейбарыс Оразовтың күш-жігерінің арқасында тағы бір гол соғып, ойынға қайта оралды. 3:2. Өкінішке қарай, Ғалым Мәмбеталиев шәкірттері матчтың соңғы үштен бір бөлігінде жеңіске жете алмай, жеңіліп қалды.
ҚХЛ Шығыс конференциясының турнирлік кестесінде "Барыс" 66 ойыннан кейін 35 ұпаймен 12-орында қалды. "Сибирь" 66 кездесуден кейін 68 ұпаймен 7-орында.
20 наурыз күні "Барыс" өз алаңында турнирлік кестеде 5-ші орында тұрған "Ак Барсты" қабылдайды.
КХЛ тұрақты чемпионаты
Сибирь – Барыс – 3:2 (3:1, 0:1, 0:0)
Голдар: 0:1 — Қайыржан (Старченко, Бекетаев), 05:57; 1:1 — Эндрофф (Широков, Бек — басым.), 14:57; 2:1 — Гоголев (Белоусов, Аланов), 15:52; 3:1 - Коротков (Морозов), 17:25; 3:2 — Оразов (Сетдиков, Николишин), 38:05.

Футбол
Бүгін 18:07

Футбол
Бүгін 17:27

Футбол
Бүгін 16:59