Вадим Шипачёв ҚХЛ тарихындағы ең үздік сұрмерген атанды
Хоккей
29 қаз 2024 16:36
Аружан Темірбек
sports24 сарапшы
ФОТО: sport-express.ru
“Динамо Минск” командасының шабуылшысы Вадим Шипачёв Құрлықтық хоккей лигасы (ҚХЛ) тарихындағы ең үздік сұрмерген атанды. Бұл туралы турнирдің баспасөз қызметі хабарлады.
37 жастағы шабуылшы “Северстальға” қарсы тұрақты чемпионат матчының алғашқы кезеңінде нәтижелі пас беріп, есеп ашты (1:2, 17-минутта өтіп жатыр). Осылайша, Шипачёв 929 (291+638) ұпай жинап, “Металлургтің” бұрынғы шабуылшысы Сергей Мозякинның 928 (419+509) ұпайлық рекордын жаңартты.
Вадим Шипачёв маусым айында минскілік “Динамо” сапына ауысты. Ағымдағы маусымда шабуылшы ҚХЛ-дың 18 матчында екі шайба соғып, алты нәтижелі пас авторы атанды.
Танымал жаңалықтар
ММА
Бүгін 14:44
Теннис
Бүгін 12:09