"Уақыт беру керек еді": танымал комментатор Немировскидің қызметінен босатылуы жайлы
Қазақстандық комментатор Александр Олейник "Барыстың" бас бапкері Дэвид Немировскидің жұмыстан босатылуына қатысты бейресми жаңалыққа пікірін білдірді.
"Әзірге Дэвид Немировскиге қатысты ресми мәлімдеме жасалған жоқ, бірақ кім келсе де, "Барыстың" барлық мәселесін бірден шешу қиын. Бұл дұрыс қадам болды ма? Шынымды айтсам, айту қиын. Менің ойымша,Немировскиге екі-үш апта емес, әлдеқайда көп уақыт жұмыс істеу керек еді. Себебі ол команданы толықтай маусым басында ғана алды.
Ал маусым алдындағы дайындық кезінде ол команданы толық дайындаған жоқ, себебі ұлттық құрама олимпиадалық іріктеуге дайындалды. Ол шетелдік хоккейшілермен бөлек жұмыс істеді. Сонымен қатар чемпионат барысында командаға жаңа ойыншылар қосылды. Сондықтан Немировскиге әлі де уақыт беру керек еді", – деді Олейник Meta-ratings.kz спорт-порталына берген берген сұхбатында.
Бұған дейін "Роман с хоккеем" телеграм-каналының инсайдерлік ақпаратына сәйкес, астаналық клуб 48 жастағы канадалық маман Дэвид Немировскимен қош айтысқанын, ал бас бапкердің міндетін уақытша Евгений Королев атқаратынын хабарлаған болатын.
"Барыс" ертең Астанада мәскеулік "Динамомен" ойнайды (матч жергілікті уақытпен 19:30-да басталады).
Теннис
Бүгін 11:30
Бокс
Бүгін 09:29
Теннис
Бүгін 08:52