locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Қонақ
Қонақ Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз немесе тіркеліңіз
Мәзір

Төрт турдан кейінгі турнирлік кесте: Қазақстанның жағдайы қандай?

Хоккей 16 мам 2025 15:15
Аружан Темірбек
Аружан Темірбек
Редактор
Төрт турдан кейінгі турнирлік кесте: Қазақстанның жағдайы қандай?
ФОТО: KХФ

Дания мен Швецияда өтіп жатқан хоккейден 2025 жылғы әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы топтық кезеңнің алғашқы төрт ойынын аяқтады. Олег Болякин шәкірттері әзірге үш ұпай жинап, B тобында жетінші орынға тұрақтаған.

Құрама турнирді Норвегияны 2:1 есебімен жеңіп бастағанымен, одан кейін қатарынан үш рет жеңілді: Германиядан – 1:4, Мажарстаннан– 2:4, Даниядан – 1:5. Төрт турдан кейін Қазақстан құрамасының еншісінде бір ғана жеңіс пен үш жеңіліс бар. Бұл нәтиже әзірге команданы плей-офф аймағынан тыс қалдырып отыр.

B тобының турнирлік кестесін Чехия (11 ұпай), Швейцария (10) және Германия (9) бастап келеді. 1/4 финалға берілетін соңғы жолдама қазіргі таңда 8 ұпайы бар АҚШ құрамасына тиесілі. Қазақстанға келесі кезеңге шығу үшін алдағы кездесулерде бар күшін салуға тура келеді.

Келесі ойында ұлттық құрама 17 мамыр күні турнирдің басты фавориттерінің бірі - Чехиямен кездеседі. Матч Астана уақыты бойынша сағат 19:20-да басталады.

Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie