locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Қонақ
Қонақ Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз немесе тіркеліңіз
Мәзір

«Торпедо» 2025\/2026 жылғы маусымда Континенттік кубоктың жартылай финалында өнер көрсетеді

Өскемендік клуб Еуропаның алты елінен қатысатын командалармен бірге жарыстың жартылай финалынан бастайды
Хоккей 23 мау 2025 08:01
Арсен Алиев
Арсен Алиев
Редактор
«Торпедо» 2025/2026 жылғы маусымда Континенттік кубоктың жартылай финалында өнер көрсетеді
ФОТО: hctorpedokz инстаграм парақшасынан

Өскеменнің «Торпедо» хоккей клубы 2025/2026 жылғы Континенттік кубоктың қатысушылары қатарына енді.

Бұл туралы Халықаралық хоккей федерациясының (IIHF) баспасөз қызметі хабарлады. Қазақстанның вице-чемпионы аталмыш турнирге тікелей жартылай финалдан қосылады.

Жартылай финал сатысында «Торпедо» Польша, Ұлыбритания, Дания, Франция және Италия клубтарымен шеберлік байқасады.

Айта кету керек, бұған дейін ұйымдастырушылар 2024/2025 жылғы маусымдағы «Төрттік финалына» барудан бас тартқаны үшін Қазақстан чемпионы «Арланды» жарыстан шеттету мәселесін қарастырған болатын.

Өткен маусымда Pro Hokei Ligasy финалында «Торпедо» дәл осы «Арланға» 0:4 есебімен жол берген.

Қазақстандық клубтар Континенттік кубокты бұған дейін екі рет жеңіп алған: «Арлан» 2019 жылы, ал «Номад» 2024 жылы турнирдің жеңімпазы атанған.

Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie