locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Қонақ
Қонақ Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз немесе тіркеліңіз
Мәзір

Степаненко мен Барбашев «Сарыарқаға» оралды

Хоккей 24 мам 2025 02:22
Арсен Алиев
Арсен Алиев
Редактор
Степаненко мен Барбашев «Сарыарқаға» оралды
ФОТО: Getty Images

Қарағандының «Сарыарқа» хоккей клубы құрамын тәжірибелі екі ойыншымен толықтырды – қорғаушы Иван Степаненко мен шабуылшы Сергей Барбашев, деп хабарлады Shaiba.kz.

Өткен маусымда 29 жастағы Степаненко Қазақстан чемпионатында Ташкенттің «Хумо» командасының намысын қорғады. Ол тұрақты біріншілікте 21 ойын өткізіп, екі шайба салды. Плей-офф кезеңінде 12 кездесуге қатысып, екі нәтижелі пас берді.

Ал 32 жастағы шабуылшы Барбашев 2024/2025 жылғы маусымда Жоғары хоккей лигасындағы «Динамо-Алтай» сапында өнер көрсетті. Ол 54 матчта 21 ұпай жинады – сегіз гол және 13 нәтижелі пас.

Айта кетейік, Сергей Барбашев «Сарыарқа» жанкүйерлеріне бұрыннан таныс. Ол 2021/2022 жылғы маусымда қарағандылық клуб құрамында ойнаған. Сол кезде тұрақты чемпионатта екі матч өткізіп, ұпай жинамағанымен, плей-офф кезеңінде ерекше көзге түсті – 15 ойында 21 ұпай (7 гол және 14 пас).

Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie