locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Қонақ
Қонақ Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз немесе тіркеліңіз
Мәзір

Стэнли кубогының жартылай финалистері анықталды: «Флорида» чемпиондықты қорғамақ, «Эдмонтон» тағы да үмітті

Хоккей 18 мам 2025 23:43
Арсен Алиев
Арсен Алиев
Редактор
Стэнли кубогының жартылай финалистері анықталды: «Флорида» чемпиондықты қорғамақ, «Эдмонтон» тағы да үмітті
ФОТО: Getty Images

19 мамырдағы матчтардан кейін биылғы Стэнли кубогының жартылай финалында ойнайтын барлық командалар белгілі болды.

Финал жолдамасы үшін плей-оффтың төрт мықты командасы өзара бақ сынайды. Батыс конференциясында «Даллас Старз» пен «Эдмонтон Ойлерз» кездеспек. Ал Шығыста шешуші кезеңге өту үшін «Каролина Харрикейнз» және қазіргі чемпион - «Флорида Пантерз» шайқасады.

19 мамыр күні «Флорида» жартылай финалға сенімді түрде шықты - олар «Торонто Мейпл Лифсті» 6:1 есебімен тас-талқан етті.

Еске салайық, өткен маусымда «Флорида Пантерз» клубы тарихында алғаш рет Стэнли кубогын жеңіп алған болатын. Финалда олар дәл осы «Эдмонтонды» жеті ойыннан тұратын серияда 4:3 есебімен ұтты.

Жеңілгеніне қарамастан, сол маусымда плей-офф кезеңінің ең құнды ойыншысы ретінде «Ойлерз» шабуылшысы Коннор Макдэвид «Конн Смайт Трофи» жүлдесін иеленген еді.

Алда бізді қызықты да тартысты кездесулер күтіп тұр - әр команда тек финалға шығу үшін ғана емес, тарихта өз ізін қалдыру үшін де күресетін болады.

Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie