Спартак бапкері Барысқа қарсы жеңістен кейін күтпеген мәлімдеме жасады
Мәскеулік “Спартак” клубының бас бапкері Алексей Жамнов ҚХЛ тұрақты чемпионаты аясында “Барыспен” өткен сырт алаңдағы ойында (4:2) жеңіске жеткеннен кейін пікір білдірді.
– “Қиын ойын болды. Біз бұл матчтың ауыр болатынын жақсы түсіндік. Шыны керек, оны одан әрі күрделендіріп жіберген өзіміздің қателіктеріміз болды. Ал жалпы алғанда, қарсылас жақсы ойнады, соңына дейін күресті”, – деді Жамнов.
Сондай-ақ, бапкер ойынның “көңілді” болмағанын атап өтті. Оның айтуынша, барлығы үшінші кезеңде өзгеруі мүмкін еді.
“Көңілді дейсіз бе? Сізге көңілді шығар, бірақ маған олай емес. Мұндай ойындар маған аса қызықты емес. Бірақ соңғы кезде бізде үнемі осындай ойындар болып жүр. Бұл – бізде қазір бір ауру сияқты. Сол ауруды емдеуіміз керек.
Үшінші кезеңде бірнәрсе дұрыс болмады. Сіз сұрақ қойдыңыз – өзіңіз сол сұраққа жауап бердіңіз”, – деп түйіндеді Жамнов.
Басқа спорт түрлері
Бүгін 13:13