“Сондықтан жеңіліске ұшырадық”: Барыс бапкері жеңіліс жайлы
“Барыс” командасының бас жаттықтырушысы Ғалым Мәмбеталиев “Салават Юлаевқа” қарсы ойындағы жеңіліске байланысты өз ойын айтты:
“Бүгінгі матчқа қарап отырсам, жігіттер толыққанды қалпына келмегендей көрінді. Біз ойынды тым баяу бастадық… Соның салдарынан ереже бұзушылықтар көбейді және ойынымызды басқара алмадық. Құрып жатқан мүмкіндіктерімізді іске асыра алмадық - гол соғу қажет еді. Шабуылдарды аяқтауға қажетті сергектік болмаған сияқты - үшке екі немесе екіге бір жағдайларын шешуге жетпей қалды… Сондықтан жеңіліске ұшырадық”.
Сондай-ақ, қазақстандық команданың бапкері былай деді:
“”Салаваттың” шабуылда өте шебер ойнайтынын білдік, сондықтан біз орта аймақтағы қорғанысты нығайтып, шабуылдарға шығуға және шайбаны сенімді бақылап, тактикалық қайта құруларға назар аударуға тырыстық… Алайда кей жерлерде ойымыз жүзеге аспады”.
Келесі ойында “Барыс” 17 қарашада сырт алаңда “Сочи”командасымен кездеседі. Өз алаңында қазақстандық команда 20 қарашада магнитогорлық “Металлургпен” кездеседі.
Бокс
Бүгін 11:38
Хоккей
Бүгін 11:30