Северсталь бапкері Барысқа қарсы жеңіс жайлы пікір білдірді
Череповецтік “Северсталь” командасының бас бапкері Андрей Козырев ҚХЛ тұрақты чемпионаты аясында астаналық “Барыс” командасын 5:3 есебімен жеңген ойын туралы пікір білдірді.
ҚХЛ. Барыс құлдырауын жалғастыруда: астаналықтардың кезекті жеңілісі.
“Біз бүгінгі матчты нашар бақылаған жоқпыз. Жасаған басымдығымыз бен голдық мүмкіндіктерімізді белгілі деңгейде жүзеге асыра алдық. Әрине, бәрі қалағанымыздай бола қойған жоқ… Бірақ ойын соңында жүйке жұқартатын сәттер болды, себебі біз қажетсіз айыптар арқылы қарсыласқа ойынды сезінуге мүмкіндік бердік,” – деді Козырев “Барыспен” өткен ойыннан кейін.
Айта кетейік, бұл жеңіліс “Барыс” үшін ҚХЛ-дегі қатарынан жетінші жеңіліс болды. Қазіргі уақытта команда 35 матчтан кейін 21 ұпай жинап, Шығыс конференциясының турнирлік кестесінде соңғының алдындағы, 11-орында тұр.
МХЛ. "Снежные Барсы" қайтадан "Мамонты Югры" командасына есе жіберді.
Хоккей
Бүгін 09:00
Футбол
Бүгін 08:44
Басқа спорт түрлері
Бүгін 08:28