Әсетов жанкүйерлерге қолдау көрсеткені үшін алғысын білдірді:Біз сіздерді естідік, әр трибунаны, әр дауысты сезіндік


«Барыстың» қаптал шабуылшысы Әлихан Әсетов ҚХЛ-дың аяқталған тұрақты маусымында команданың көрсеткен ойынына пікір білдірді.
«Маусым аяқталды. Бұл кезең өте ауыр болды, құлаған сәттер мен қиын кезеңдер аз болған жоқ. Бірақ біз бұл жолды бірге өттік — бұл ең маңыздысы. Бізге сенген, ареналарда және экран алдында бірге болған жанкүйерлерге алғыс айтамын. Сіздердің қолдауларыңыз — біздің басты күшіміз. Біз сіздерді естідік, әр трибунаны, әр дауысты сезіндік. Бұл — баға жетпес қолдау. Келесі маусымда қайтадан шайқасып, сіздерге нағыз хоккей сыйлау үшін біз қайта мықты болып ораламыз»,— деп жазды Әсетов Instagram парақшасында.
22 наурыз күні астаналық клуб «Салават Юлаевтан» 1:4 есебімен жеңіліп, маусымды Шығыс конференциясындағы соңғы, 12-орында аяқтады. «Барыс» 68 ойыннан кейін 35 ұпай жинады. 2024/25 жылғы маусым «Барыс» тарихындағы ең сәтсіз кезеңдердің бірі болды — команда плей-офф кезеңінен тыс қалды.
