Салават хоккейшілері жалақысыз жүр
“Салават” командасы хоккейшілерге қыркүйек айының жалақысын төлемеген. Сол себепті, командадағы легионер ойыншылар “Тракторға” қарсы ойынға шықпаймыз деп байбалам салған. Алайда, жақын арада жалақы төленеді деп, бас бапкер Виктор Козлов ойыншыларды көндірген екен.
Салават бұл мәселе жайлы ҚХЛ хабарлаған. Лиганың баспасөз қызметінің берген жауабы:
- “Салават” 2024 жылдың 15 қазанына қарай қыркүйек айы үшін қарыздың бар екені туралы ҚХЛ-ды хабардар етті. Клуб жақын арада қарызды өтеуді жоспарлап отыр. Лига бұл мәселе бойынша клуб басшылығымен байланыста”, – деп хабарлады ҚХЛ-дың баспасөз қызметі.
“Трактормен” өткен соңғы ойында “Салават Юлаев” командасы 2:4 есебімен есе жіберді. Қазіргі уақытта, “Салават” турнирлік кестеде 8-ші орында.
Формула-1
Бүгін 02:34
Баскетбол
Бүгін 02:18