Роман Старченко хоккейден әлем чемпионатындағы Қазақстан-Мажарстан матчының үздік ойыншысы атанды


13-нен 14 мамырға қараған түні Қазақстан құрамасы Данияда өтіп жатқан 2025 жылғы әлем чемпионатының топтық кезеңіндегі үшінші кездесуін өткізіп, Мажарстаннан 2:4 есебімен жеңіліп қалды.
Жеңіліске қарамастан, құраманың үздік ойыншысы ретінде команданың капитаны Роман Старченко танылды. Тәжірибелі шабуылшы бұл ойында жоғары деңгейдегі ойын өрнегін көрсетіп, Қазақстан құрамасының шабуылдаушы әрекеттерінде басты рөл атқарды.
Айта кетейік, 10 мамыр күні өткен алғашқы ойында Қазақстан құрамасы Норвегиямен кездесіп, 2:1 есебімен жеңіске жеткен болатын. Сол кездесуде Роман Старченко турнир аясындағы құраманың алғашқы шайбасын соқты. Ол бұл голды екінші кезеңде көпшілікте соғып, Никита Михайлис пен Валерий Ореховтың нәтижелі пасын ұтымды аяқтады. Бұл шайба ойын тағдырын өзгертіп, команданың жеңісіне негіз болды.
Қазақстан құрамасы келесі ойынын 14 мамыр күні Дания құрамасына қарсы өткізеді. Матч Астана уақытымен 23:30-да басталады.

Футбол
Бүгін 13:52

Футбол
Бүгін 11:12