РЕСМИ: Олег Болякин қызметінен кетті
“Барыс” хоккей клубы әлеуметтік желілерде Олег Болякин бас менеджер қызметінен кеткені жайлы хабарлады.
Олег Болякин 2023 жылдың тамыз айынан бастап “Барыс” клубының бас менеджері болып жұмыс атқарды, ал сол жылдың желтоқсан айында Ғалым Мәмбеталиевті ауыстырып, команданың бас бапкері міндетін атқарушы болып тағайындалды.
57 жастағы маман Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы болып табылады. Ол Қазақстанның жастар құрамасымен жұмыс істеп, команданы элиталық дивизионға шығарғаны және дивизионда орнын сақтап қалғанымен жақсы танымал.
Сондай-ақ, Олег Болякин клубтық қызметте де үлкен тәжірибеге ие. Бұған дейін ол Павлодардың “Ертіс”, Қарағандының “Сарыарқа” клубтарында бас бапкер болып, команданы чемпиондыққа жеткізген. Сонымен қатар, Өскеменнің “Торпедо”, Алматы және Ангарскінің “Ермак” командаларын басқарған, ал өткен маусымда Атыраудың “Бейбарыс” командасының бапкерлер құрамында болған.
ҚХЛ-дың тұрақты чемпионатында соңғы орында тұрған астаналық “Барыс” Ғалым Мәмбеталиевтің бас бапкер қызметіне тағайындалғанын хабарлады.
Ал Вячеслав Буцаев бапкерлер құрамында қала береді.
Футбол
Бүгін 07:38
Басқа спорт түрлері
Бүгін 05:25
ММА
Бүгін 03:20