Pro Hokei Ligasy. Номад тарысты матчта Алматыға есе жіберді
"Номад" командасының құлдырауы жалғасуда – "көшпенділер" құрамын едәуір жасартқаннан кейін әлі де өз ойындарын таба алмай, қатарынан сегізінші жеңілісіне ұшырады. Ойын алматылық клубтың пайдасына 2:5 есебімен аяқталды.
Оңтүстік астананың командасында Ян Хоменко мен Артем Бурделев екі реттен шайба салды. Сондай-ақ, бір шайбаны Егор Кожевников қақпаға дәл бағыттады. Ал "Номад" командасынан Данияр Саян мен Даниил Цыбин бір реттен гол соқты.
Pro Hokei Ligasy. 29 қараша
“Номад” - “Алматы” – 2:5 (0:2, 1:1, 1:2)
Голдар: 0:1 – Кожевников, 09:19; 0:2 – Хоменко (Гусейнов), 10:08; 0:3 – Бурделев (Штефан), 27:20; 1:3 – Данияр (Цыбин, Лукавенко), 30:04; 1:4 – Хоменко (Тарасов, Бурлака), 53:27; 2:4 – Цыбин (Бойко), 55:13; 2:5 – Бурделев ПВ, 59:38.
Қақпашылар: Калмыков – Осокин
Бұл жеңілістен кейін “Номад” 6-орынға түсіп, "көшпенділер" 25 ұпайы бар. “Алматы” керісінше 4-орынға көтеріліп, оңтүстік астананың командасында 26 ұпай бар.
КХЛ: Кезекті жеңіліс. Барыс Металлургпен 0:2 есебімен жеңілді. Голдардың видеосы мен матчтың шолуы.